Описание
Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығы
«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» білім беру бағдарламасының мақсаты автомобиль көлігін пайдалану саласында кең бейінді жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады.
Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану жөніндегі техниктер өз дайындығына сәйкес өндірістің бастапқы буындарын басқару, техникалық және технологиялық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу, автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу саласындағы күрделі техникалық жүйелерді пайдалану, автомобиль көлігіне тікелей қызмет көрсету және оларды жөндеу, оны жүргізу, өндіріс сапасын бақылау сияқты кәсіби қызмет түрлерін орындай алады.
«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бірнеше бағытта көлік саласындағы кәсіби мамандарды дайындайды:
- автомобиль көлігін жөндеу шебері;
- автомобиль жөндеу жөніндегі слесарь;
- техник-механик;
- автомобильді электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик.
Осы бағыт бойынша колледжде оқуды аяқтағаннан кейін университетте оқуын жалғастыруға болады.
Как поступить
Қабылдау емтиханы:
Белгісіз
0
Қазіргі үміткерлер саны
~
Сенің оқуға түсу мүмкіндігің
Белгісіз
Бейіндік пәндер